Форум «Haller Lomax» ЖШС және «Aurora Minerals Group» ЖШС-мен серіктестікте ұйымдастырылды.
Mining Club қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған кіші және сервистік компаниялардың өкілдерін, Қазақстандағы ірі тау-кен кәсіпорындарының менеджерлері мен мамандарын, Қазақстанның қаржы институттары мен мамандандырылған ведомстволарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен шет елдердің сауда миссияларын, кіші компаниялар нарығын дамытудың және Қазақстандағы геологиялық барлау саласына инвестицияларды тартудың ең өзекті тақырыптарын біріктіреді.
Mining Club отырысы аясында үш панельдік сессия ұйымдастырылды:
- Тау-кен өндіріс саласының заңнама өзгерістер;
- Қазақстандағы тау-кен геологиясының дамуы;
- Геологиялық барлау жобаларын қаржыландыру;
Сессиялар барысында спикерлер өздерінің көзқарастарын және тау-кен өнеркәсібін дамытудың құралдарын ұсынды. «AIX ірі және юниорлық геологиялық барлау компаниялары үшін қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді. Әдетте, шағын барлау компаниялар Биржаның листингілік эмитенттерге қойған стандартты талаптарына сәйкес келмейді. Олардың қызмет тарихы қысқа, қаржылық есеп беру мен корпоративтік басқарудың қолайлы аудиті жоқ, акционерлердің өзара құқықтары мен міндеттері нақты реттелмеген. Сондықтан, AIX компанияларға осы салаға инвестиция салуға мүдделі халықаралық инвесторлардың талаптарына сәйкес келетін жеке стандарт бойынша листинг өткізуге мүмкіндік беретін арнайы Тау-кен сегментін құрды», - дейді Малик Нишанбаев, АХҚО Биржасы Тау-кен өнеркәсібі департаментінің директоры.
«Геологиялық ақпаратқа және геологиялық барлауға қол жетімді еліміздің барлық аумағында барлауға лицензия алуға арналған заманауи және ашық онлайн ақпараттық инфрақұрылымды іске қосу, мемлекеттің геологиялық барлаудағы миссиясын қайта форматтаумен қатар, аса маңызды міндет емес, инвестициялар тартудағы басқа юрисдикциялармен және салалармен бәсекеге түсу үшін шұғыл қажеттілік болып табылады. Заңнаманы реформалаудан – жер қойнауы туралы Кодексті қабылдаудан инвесторларды тартуға серпін әлсіреп барады. Енді мемлекет өзін ұстануы, нарықтың белсенді қатысушысы емес, экономикалық белсенділіктің реттеушісі және драйвері ретіндегі рөлін қайта қарастыруы маңызды», деп санайды Тимур Одилов, Haller Lomax заң фирмасының серіктесі және жер қойнауы туралы Кодексті әзірлеушілердің бірі.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген: «Қазақстанның жаңа ірі кен орындарын ашуда әлеуеті бар. «Тау-Кен Самұрық» юниорлық бағдарлама шеңберінде алтын, мыс, қорғасын, мырыш бойынша перспективалық барлау жобаларын іздейді және инвесторлармен және жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастыққа дайын. Соңғы 3 жылда мемлекет инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдады, бұл инвестициялардың тартуына ықпал етті. Бұл жұмысты жалғастырып, юниорлық нарықтың одан әрі дамуына жағдай жасау қажет».
«Жер қойнауы туралы Кодекс енгізілгеннен кейін геологиялық барлау қызметтеріне сұраныс едәуір артты. Сонымен қатар, қызмет жеткізушілеріне қойылатын талаптар да жоғарылады. Ең алдымен қауіпсіздік техникасы, қызмет сапасы және заманауи озық жабдықтар қойылады», дейді Aurora Minerals Group сервистік геологиялық барлау компаниясының серіктесі Қайсар Қожамұратов.