Арманды ойлар орнығып түптен,
Құлпырды гүлдей күндерім күткен,
Келеді кемел жалғасын тауып,
Шешіле шертіп сырларын бүккен.
Тудырған тарлан данышпан дара,
Дариға дүние, шеберсің неткен.

Арманды ойлар орнығып түптен,
Құлпырды гүлдей күндерім күткен,
Келеді кемел жалғасын тауып,
Шешіле шертіп сырларын бүккен.
Тудырған тарлан данышпан дара,
Дариға дүние, шеберсің неткен.
Өткенді өшпес тереңнен толғап,
Қолға алсақ қалам қиялмен болжап,
Қазақты құдай жебеген болар,
Тілегін таудай бір өзі қолдап,
Бақытқа бастар өшпейтін жалын,
Дана ұлды дарқан сыйлапты сомдап.
Ақсұңқар құстай самғадың жастан,
Көз тігіп қия ғарышқа аспан,
Тасыған жігер, тау бұзар талант,
Қадамың құтты болды да басқан,
Ұлтымның сенген арқалап жүгін,
Жеткіздің талмай жігермен асқан.
Тыңнан жол тартып, тозғанын тастап,
Дарабоз халқым қалтқысыз қостап,
Күндерге нұрлы талпынып талмай,
Ерлікпен елін бірлікке нұсқап,
Арғымақ атпен арындап алға
Елбасы бізді барады бастап.
Айдос ӘБУТӘЛІПҰЛЫ,
Еңбекшілдер ауданының
құрметті азаматы.
Көкшетау.