Қазақстан мен TAI компаниясы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Соның ішінде компанияның машина жасау, өнеркәсіп және аэроғарыш саласындағы жобаларға қатысуын, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру мен технологиялар трансфертін құру мүмкіндігін қарастырды.
Т.Котиль бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылығын білдірді.
Кездесу соңында тараптар жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.
Айта кетейік, «TAI» – өзіндік интеграцияланған жүйелерді жобалаумен, әзірлеумен және өндірумен айналысатын жетекші түрік аэроғарыш компаниясы. Компания ұшақ, тікұшақ, пилотсыз ұшу аппараты, ғарыш жүйесі, аэроқұрылымдар сынды негізгі бес бизнес-сегментте жұмыс істейді.