Спорт • 03 Шілде, 2021

Спорттық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда спорттық гимнастикадан ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті

Әйелдер көпсайысынан Көркем Ербосын (Шымкент) І орын иеленді. ІІ орынды Аида Бауыржанова (Нұр-Сұлтан), ІІІ орынды талдықорғандық Александра Шаметько мен қарағандылық Дарья Ясинская қанжығасына байлады. 

Ерлерден алматылық Ілияс Азизов үздік шықты. Шымкенттен келген Фарух Набиев - екінші, Диас Тойшыбек үшінші орынды қанағат тұтты.