03 Қаңтар, 2014

Ақмолада байпақ тігу қолға алынды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03 01- numaАқмола облысы Кіндік - қарағай ауылының тұрғыны Ақайдар Дайыров химиялық қоспасыз байпақ (пима) тігу ісін қолға алды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Үйінің жанынан ашылған шағын цехта Ақайдар Дайыров күніне 2-3 жұп байпақ тігіп шығарады. Бұл азамат электр қуатын тиімді пайдалануды ойластырып, байпақ басуға арналған ыстық суды қайта пайдаланып, аяқ киімді кептіруге қолданады екен. «Біздің ата-бабаларымыз байпақты дайындау сәтінде күкірт қышқылын қолданбаған. Мен осыны негізге ала отырып, өнімді сапалы шығаруға көңіл бөлдім. Жалпы, күкірт қышқылы қосылмаған байпақ (пима) біріншіден - жұмсақ , екіншіден жылы, үшіншіден төзімді болады», - дейді сөз орайында А. Дайыров.

Қазір кәсіпкердің байпақтарын алыс ауыл тұрғындары да сатып алуда. Тіпті арнайы тапсырыс беретіндер де баршылық. Кәсіпкердің зайыбы Қалия Сабырқызы байпақты тігу барысында алдымен жүнді өлшеп алатынын айтады. Сосын оны шүберекке орап, екі білекке салып, илейді екен...

Бұл отбасы алдағы уақытта жергілікті билік тарапынан қолдау білдірілсе, байпақ зауытын ашуды көздеп отыр. Өйткені, солтүстік аймаққа аса қажетті байпақтардың (пима) 85 пайызы қазір Ресей елінен тасымалдануда. Оның үстіне бұл аяқ киімді тігуге жергілікті өңірде қой жүні жеткілікті көрінеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар