03 Қаңтар, 2014

Атырауда кәсіпкерді тонаған күдікті ұсталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03 01- sxodАтырау облысының тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында кәсіпкерді ұрып-соғып, дүние-мүлкін тонаған ұрылардың бірін қолға түсірді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Бұл оқиға Құлсары қаласында орын алған. Екі күдікті бетперде киіп, кәсіпкердің отбасын пышақпен қорқыту арқылы 10 мың доллар мен қымбат бағалы заттарды алып кеткен. Осы іс бойынша жедел құрылған арнайы топ күдіктінің бірін ұстады.

«Кәсіпкерді тонаған 23 жастағы күдіктінің бірі уақытша оқшаулағышқа қамалды. Одан ұрлыққа қатысты айғақ заттар табылды. Бұрын сотталған екінші күдікті іздестірілуде», - дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: ntv. ru

Соңғы жаңалықтар