05 Қаңтар, 2014

Еліміз жолдары бойынан жаңа қонақ үй бой көтереді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 01-AlmatiАлматылық кәсіпкер Едіге Ибрайымов қазақтың киіз үйін жаңа технологиялармен жабдықтап, экологиялық тұрғыдан таза, әрі арзан қонақ үйге айналдыруды мақсат тұтып отыр. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Ол  киіз үйді шетелдік туристерді тартатын табыс көзі деп біледі. «Қазақ үй» деп аталатын бұл қонақ үй кешеніне жаңа жабдықтар орнатылады. Оның жасаған жобасы негізінде, жаңаша киіз үйде күн энергиясынан электр қуатын өндіретін шағын станция, байланыс пен компьютер желісі, басқару және қауіпсіздік жүйесі, ауа температурасын реттеу құралдары болады. Бұл қонақ үйлерді кәсіпкер «Омбы–Майқапшағай», «Алматы–Өскемен» тас жолдары бойына орналастыратын болады.

Осы жоба іске асырылса, жолаушылардың жайлы тынығуына мүмкіндік жасалғалы отыр. Жалпы бұл қонақ үй көптің көңілінен шықса, өзге аймақтарға да орналастыру ісі қолға алынады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы

Фото: «Қазақстан» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар