Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті. Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған.
Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында 4 бала суға батып кетті.