05 Қаңтар, 2014

Португалияда Эйсебио қазасына орай үш күндік аза жарияланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-01-14-eisebio-1

Португалия билігі аты аңызға айналған тегі мозамбиктік португал футболшысы Эйсебионың қайтыс болуына байланысты үш күндік аза жариялады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Атақты футболшы Эйсебио 5 қаңтар, жексенбі күні таңертең Лиссабонда жүрек жетіспеушілігі салдарынан 72 жасында өмірден өтті. Осыған байланысты Португалияда үш күндік ұлттық аза жарияланды.

Эйсебио өзінің 22 жылдық мансабының басым бөлігін Лиссабонның «Бенфика» клубында өткізді. Ол жалпы саны 745 рет алаңға шығып, 733 гол соқты.

1966 жылғы әлем чемпионатында Португалия көп ретте Эйсебионың арқасында қола медальге қол жеткізді. Сол чемпионатта ол 9 голмен үздік мерген атанды.

Эйсебио 1965 жылы Еуропаның үздік футболшысы болып танылды. Сол сияқты Халықаралық футбол федерациясының сауалдамасы бойынша Африканың XX ғасырдағы ең үздік футболшысы деген атаққа да қол жеткізді.

Дамир Қожамқұл.

Дереккөз: РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42