Бозоқ қалашығының некрополінде табылған бұл мәйітпенбірге жерленген бұйымдар ХІІІ-ХІV ғғ. Есіл бойынмекендеген тайпалық одақтың, мемлекеттің тарихы мен мәдениеті туралы көп ақпарат береді. Ең бастысы, орта ғасырда әйел адамның қоғамдағы орны жоғары деңгейдеболғанын көрсетеді.
Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ағағылыми қызметкері Айнагүл Ғаниева: «Інжу шамамен ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген моңғол әйелі. Барлық моңғолқабірлеріндегідей бұл әйелдің де басы солтүстіккеқаратылған. Үстінде жібектен тігілген көйлек, мойнындакүміс және пасталы моншақтар, құлағында күміс сырға бар. Екі күміс білезіктегі арыстан басты бейнелер – әшекейлібұйымды Еділ бойындағы шеберлер жасағанын білдіреді. Сонымен бірге күміс тостаған, қанжар, найза және еңқызығы – моңғол әйелінің әдемі бас киім «Боктаг» табылды. Оны кез келген әйел кие бермеген, елге еңбегі сіңген моңғолэлитасына қабылданған әйелдер ғана киген. Бас киімнің үстіКаури қабыршақтарымен әсемделген. Бұл қабыршақтардыңҮндістан аумағынан келетінін ескерсек, сол замандағысауда-саттық қатынастар қалай дамығанын көре аламыз. Одан басқа, қола айна, қабыршақтан жасалған моншақтабылды. Жерлеу салтанаты, қанжар мен найзаның болуы – оның жауынгер болғанын көрсетеді» дейді
Сондай-ақ зерттеушілер назарын аударған дүние, табытүсті күлгін түсті жібек матамен қапталып, қасына темір найза мен қанжар, күміс кесе, аяғында темір ауыздыққойылғаны.
Бірнеше жылдың алдында Мәскеудегі РҒА Антропология және этнология институтының Антропологиялық реконструкция лабораториясы Інжудің бас сүйегіне негіздейотырып, жалпы бейнесін қалпына келтірді. Мамандардыңнегіздеуіне қарағанда әйелдің жасы 50-лер шамасында.
Оның монголоид типінен екені, өзімен бірге жерленгензаттарына қарап, заманында ерлермен бірге әскери істергеқатысқанын байқауға болады, дейді зерттеушілер. Соныменқатар, оның әйел ретіндегі әшекей бұйымдары мен маржантастары, бас киімі ақсүйектер әулетінен екенін дәлелдейді.
Жаңғыртпа жасау мамандары жазба және археологиялықматериалдар бойынша Інжудің басындағы боктагты да (бас киім) қалпына келтірді. Бұндай бас киімді орта ғасырдаақсүйектер әулетінен шыққан әйелдер ғана киген. Ол туралымәлімет Г.Рубрук пен П.Карпини жазбаларында бар. Боктагәлеуметтік белгі ретінде сәнді бас киім ғана емес, беделдіәлеуметтік ортаның өкілі деген белгіні білдіреді.