Елорда • 06 Шілде, 2021

Құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді - Алтай Көлгінов

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.Елорда күніне орай тағы 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді - Алтай Көлгінов

Олардың ішінде «Ақерке-2», «Жастар-4», «Талисман», «Арыстан» және т.б. тұрғын үй кешендері бар.

Осылайша, тағы үш мың үлескердің қиындығы шешілді. Олар көптен күткен пәтерін алды. Қазір тұрғындарға  пәтерінің құжаттарын беру және басқа да құжаттық процедуралық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгін «Ақерке-2» тұрғын үй кешеніне бардым. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жылдар бойы тоқтап тұрды, нысанда тиісті жұмыстар жүргізілген жоқ. Тұрғын үй кешенінің қаңқасы аяқталып, терезелер, есіктер, лифтілер орнатылды. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, үйдің қасбеті бойынша жұмыстар жүргіздік. Үлкен проблемалардың бірі гараждарды бұзу болды. Гараждарды сатып алу бойынша қажет жұмыстар жүргізілді, бұл инженерлік желілерді үйге жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл тұрғын үй кешенінде 150-ден астам отбасы бар.

Мысалы, елордада 2019 жылдың жазында құрылысы ұзақа созылған 150-ден астам үй болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. 2019 жылдың жарты жылдығында 13 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға бердік. Өткен жылы 20 үй аяқталды.

Биыл елордада тағы 57 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл 7 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешіледі деген сөз.

Үлестік құрылыстың әрбір нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

Соңғы жаңалықтар