Коронавирус • 08 Шілде, 2021

Қуыршақ театрының 90 пайызы екпе салдырды

189 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздегі ең көне театрлардың бірі – Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының негізі 1935 жылы қаланған. Қазақстанның басқа қалаларында қуыршақ театрлары кейінірек 80-жылдары құрылса, 85 жылдық тарихы бар қуыршақ театрының жүздеген пьесасы бар.

Қуыршақ театрының 90 пайызы екпе салдырды

Ел індеттен аман кезде, апта сайын Алматының кішкентай көрермендері әртістердің тынымсыз еңбегінің арқасында халық ертегілерімен танысып отырды.

«Былтыр театрлардың карантинге жабылатыны туралы естігеннен кейін біз жұмысты қайта форматтап, спектакльдерді тікелей эфир мен жазбалар арқылы көрсете бастадық. «Алматы» телеарнасы қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде оннан астам спектакль түсірілді. Театр директоры Талғат Есеналиевтің бас­шы­лығымен жаңа онлайн-форматты меңгердік. Түсірілген жазбалар арқылы спектакльдердің бейнемұрағаты пайда болды», дейді қуыршақ театрының көр­кемдік жетекшісі Ақжарқын Сәр­сенбек.

Өнер адамдары театрдың шек­теу шараларынан қажы­ғаны байқалады. Өйткені көрермендер шығармашылық үдерістерді тірідей көруі керек. Оның үстіне, қуыр­шақ театрының репертуарын­да әрбір жас алматылық көруі тиіс 30-дан аса спектакль бар. Індет кезінде актерлер жаңа форматта 15 бағдарлама құрып, ертегі мен қуыршақтардың қалай жасалатынын тікелей эфирде айтты. Қазіргі уақытта театр труппасының бір бөлігі демалыста, актерлердің жар­тысы жұмыс істейді. Бұл ретте театр ұжымы көрермендердің жиналуын, жанды эмоциялар мен қолдаулардың болғанын қалайды.

«Мен вакцинаға саналы түр­де келдім. Нұр-Сұлтан қала­сында тұратын ұлымның қоңы­рауынан кейін бірден екпе алдым. Баламның досының әкесі коронавирус инфекциясынан қайтыс болған екен. Мен балаларым мен немерелерімнің алаңдағанын қаламаймын. Сол үшін №7 клиникаға тіркеліп, 4 сәуірде вакцинаның бірінші компонентін алдым. 21 күннен кейін екінші вакцинаны алдым. Жанама әсерлер болған жоқ, тек инъекция орны сәл ауырды. Ресми ақпаратқа сену керек. Вакцина алмас бұрын, ол туралы ресми ақпаратты оқыдым. Халқының барлығы вакцина алған Израильге қараңыз, АҚШ-та ұжымдық иммунитет 70%-ды құрайды. Бізге осы елдерден үлгі алу керек», деді Алматы қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі.

Вакцинаны қуыршақ театры­ның қоюшы режиссері Қабдыл Еркебұлан да қолдайды. Ол вак­цинаның бірінші компонентін 19 сәуірде алды. Кейінірек екінші компонентті алды. Режиссердің айтуынша, онлайн жұмыс театр өміріне тән емес. Қабдыл Ер­ке­бұланның айтуынша, театр жұмыс істеуі керек, актерлер жұ­мыс формасында болуы керек, көрермендер өнерді сағынып жүр. Дәл осы себептерге байланысты вак­цина қажет.

«Біріншіден, ол отбасының қауіпсіздігі, денсаулығы үшін ек­пе алды. Екіншіден, біз, театр­ қызметкерлері, күн сайын бір-бірімізбен байланыста боламыз әрі бір-біріміз үшін қауіпсіз бо­луы­мыз керек. Үшіншіден, театрға көрермендер келеді, олар­дың көпшілігі балалар. Менің ойымша, біз өз көрермендерімізді қорғауымыз керек. Гоголь кө­шесіндегі емханада екпе алдым, себебі бұл жұмыс орнына жақын болды», деді ол.

Театрға актерлер өздері ша­қырған екпе тобы барған, содан кейін басқа қызметкерлер вакцина алды. Вакцинаны театр әртісі Руслан Әбу 5 сәуірде алды. Актер өзінің жұмысына құштар екенін айтты. Ол театр әлемінің қалыпты жағдайға оралуын, көрермендердің қойылымға алаңсыз келгенін қалайды.

«Бүгінде вакцинаға күмән­данатындар көп, бірақ бұл – өзіңізді және айналаңыздағыларды қор­ғау­дың жалғыз тәсілі. Біздің театр­да актерлердің 90%-ы екпе алды. Бұл таңдауда біз бір-бірімізді қолдадық. Біз аурудың тасымалдаушысы болғымыз келмейді», дейді Руслан Әбу.

Ұзақ мерзімді шектеу ша­ра­ларынан кейін театр қыз­мет­керлерінің басты қорқынышы – қойылымдардың болмауы. Бірақ труппаның көптеген жоспарлары бар, ал вакцина бұл ауруға қарсы тұрады. Актерлер қала тұр­ғындары өз денсаулығы үшін вак­цина алады деп сенеді.

 

АЛМАТЫ