Қоғам • 08 Шілде, 2021

200 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын пайдаланды

1611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

200 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен медициналық қызметтерді алу үшін пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

200 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын пайдаланды

«Отбасы банк» АҚ-да ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,5 триллион теңгеден астам аударды. 176 миллиард теңге көлеміндегі қаражат 45 күн өткеннен кейін пайдаланылмаған ретінде БЖЗҚ-ға қайтарылды. 205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жалпы сомасы 1,2 триллион теңге болатын зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (64 685), ал үштен екісі - ер адамдар (140 974).

ЖТҚ пайдалану бойынша бірінші орында - Маңғыстау облысының тұрғындары - 33 682 адам, жалпы сомасы 312 миллиард теңгеге жуық. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы - 32 216 адам, елорда тұрғындары шамамен 197 миллиард теңгені пайдаланды. Алматы үшінші орында - 27 396 адам. Алматылықтар жалпы сомасы 213 миллиард теңгеге жуық зейнетақы жинақтарын пайдаланды.

«Отбасы банкте» ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін ЕЖШ пайдалана отырып, бастапқы жарнаны қазақстандықтардың көпшілігі - 9 359 адам қайталама тұрғын үйді (167 млрд теңгеден астам) таңдады. Қалған 1 729 адам бастапқы тұрғын үйді таңдады (36 млрд теңгеден астам). 100-ден астам адам зейнетақы артығын құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыру үшін пайдаланды (2 млрд теңгеден астам).

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03