Жоғарыдағы деректерді үлестік пайызбен көрсетсек, (40,51%). 14,5%-дан сәл астамы шетел мемлекеттерінің үкіметтік бағалы қағаздарына және ХҚҰ-ға, 14,1% - қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына, 10,25% - жергілікті банктердің облигациялары мен депозиттеріне, 9,28% сыртқы басқаруға, 4,85% - шетелдік банктерге салынған.
«Жалпы алғанда, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құны 12,7 трлн теңгені құрайды. Сонымен бірге 2021 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамырына дейінгі есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 671,8 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде Ұлттық банктің есепшоттары 671,8 миллиард теңгеге, Jusan Invest - 46,4 миллион теңге, Halyk Global Markets - 11,6 миллион теңге, Centras Securities - 9,3 млн теңге, BCC Invest - 11,9 миллион теңге», деп атап өтті зейнетақы қоры.
Егер БЖЗҚ портфелінің құрылымын валюталар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның жартысынан көбі (шамамен 68%) теңгемен. Қалғаны (32%) - доллармен және өте аз мөлшерде рубльмен және басқа валютада салынған.