Бұл күні олар балық өсіру зауыттарының жұмысшыларын, балық инспекциясы қызметкерлерін, балық институттарының ғалымдарын, балық өсірушілерді, кәсіпқой балықшыларды және балықшы-спортшыларды құттықтайды.
Мерекенің тарихы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Балықшылар күнін белгілеген күннен басталады. Балық өндірушілер күні бекітілгеннен бастап, Қазақстан оны бұрынғы Кеңес Одағының көптеген елі сияқты әрдайым шілденің екінші жексенбісінде атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы уақытқа дейін олар балықтың уылдырық шашуымен байланысты балық аулауға тыйым салу кезеңі аяқталды деп санайды. Сонымен қатар бұл уақытта жазғы ауа райы қалыптасады. Бір қызығы, Балықшылар күні 1965 жылы кәсіби мереке мәртебесін тек Украинада және Ресейде алды, ал басқа республикаларда Қазақстандағы сияқты ресми мақұлдаусыз атап өтілді.
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 қаулысына сәйкес Балық шаруашылығы комитетінің ережесі бекітілді. Ертіс су бассейні Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы бассейндерінің ішінде көлемі бойынша үшінші орынға ие. Балық шаруашылығын дамытуға балық шаруашылығы су айдындарының және ондағы балықтың қоры негіз болады. Балық шаруашылығы су айдындарының қатарына төмендегі айдындар кіреді: Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы, Шүлбі су қоймасы, Өскемен су қоймасы, Шығыс Қазақстан облысы шегіндегі Ертіс өзені, облыс бойынша жергілікті маңызы бар су айдындары, Павлодар облысы әкімшілік аймағы. 2006 жылдан бастап балық ресурстарын пайдалануды реттеу ұзақмерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) негізде пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) ұзақ мерзімге бекітіп беру арқылы жүзеге асырылатын болды.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су айдындарында халықаралық және республикалық маңызы бар 40 учаске бар, олар 19 пайдаланушыға бекітіліп берілген. Сонымен бірге жергілікті маңызы бар 97 су айдыны бар, оның 30-ы 24 пайдаланушыға бекітілген.
Павлодар облысы бойынша 286 көлшік бар, олар 64 пайдаланушыға бекітіліп берілген.
Балық шаруашылығы саласындағы бақылау және инспекциялық жұмыстар туралы айтар болсақ, инспекцияның инспекторлық құрамы 2021 жылдың 6 айында бақыланатын аумақтардағы балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 848 жедел рейд жүргізіп, балық ресурстарын қорғау аясында 501 заңбұзушылықты анықтады, ол бойынша 501 тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде дөрекі заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімдерде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 75 материал сотқа жіберілді, 8 862 110 теңгеге айыппұл салынып, 6 928 002 теңге айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді, 11 820 629,77 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз синтетикалық моноталшықтан жасалған
566 ау, 15 қайық және әртүрлі типтегі 2 мотор, 5880,6 кило заңсыз олжаланған балық тәркіленді.
2021 жылдың есепті кезеңінде Инспекцияның лауазымды тұлғаларының қатысуымен анықталған табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, нәтижесінде 4 адам жауапқа тартылды. Құрамына мүдделі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіретін ұтқыр топтар құрылып, құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізген 11 бірлескен рейдтік іс-шара барысында 5 құқықбұзушылық ашылды.
Балық аулау көлемінің басты бөлігі халықаралық маңызы бар Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларында ауланады, ондағы кәсіпшіліктер балықтың 11 түрін өндіреді.
Шығыс Қазақстан шеңберіндегі су айдындарында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін балықты және басқа су жануарларын аулауға бекітілген лимит 11 148 079 тоннаны құрайды, оның 10 681 673 тоннасы, 95,8%-ы игерілді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2021 жылдың 19 сәуіріндегі №30-4-8\8 «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрығын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының су айдындарында 2021 жылдың 24 сәуірі – 31 мамыры аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облыстарының балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын, су айдындарында иесіз қалдырылған балық аулау құралдарынан (құрма аулар) тазартып, балық қорын қорғау және көбейту.
Табиғат қорғау акциясына жануарлар дүниесін пайдаланушыларды тарту мақсатында 2021 жылдың 9 сәуірінде инспекцияның «Таза су айдындары» акциясын өткізу бойынша құрған кестесіне сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген телімдерде балық шаруашылығы су айдындарының жағалау аумақтары тазартылды. Акция барысында өткізілген барлық шара карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді. «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясына инспекторлармен қатар табиғат пайдаланушылар, қорықшылар, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, волонтерлер, тұрғындар қатысты. Акция балық шаруашылығы су айдындарының бекітілген және резервтік 38 телімінде өткізілді. Оған 542 адам, 109 техника қатысып, 65,4 тонна қоқыс, тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Балық шаруашылығы су айдындарын иесіз қалдырылған балық аулау құралдарынан тазарту мақсатында сүзу жұмыстары жүргізіліп, 525 дана балық аулау құралдары табылды. Олар толығымен өртеліп, жойылды.
Сонымен қатар мектептерде, арнайы орта білім беру орталықтарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясының маңызы мен мақсатын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Санақбек КІТАПБАЕВ,
«Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы