Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Қызылорда облысында еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтағы еңбек инспекторлары жыл басынан бері мекемелер мен кәсіпорындарға 81 тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Қызылорда облысында еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды

Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарға сәйкес 457 жұмыскердің құқығы қорғалып, жалақы бойынша берешегі, іссапар шығыны, үстемеақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақысы өндіріліп берілген.

«Биыл жеті кәсіпорынның 1330 жұмыскеріне 120,6 млн теңге жалақы қарызы төленді. Сондай-ақ, басқарма тарапынан кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне түсіндірме хаттар жолданып, нәтижесінде 994 ұйымда өндірістік кеңес құрылды. Жыл басынан бері 498 ұжымдық шарт тіркеліп, мониторинг жасалды. Бұған қоса, электронды базаға 1100 мекеме мен кәсіпорын бойынша 19980 еңбек шарты жасалып, есепке алынды»,деді Төреахмет Сайлаубекұлы.