1 маусымнан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Оған сәйкес, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылған болатын.
«Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 5 гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі «сора тұқымдас өсімдікті» өртеу арқылы жойды», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.