Қоғам • 12 Шілде, 2021

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?

2687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн-нан астам теңгеге зейнетақы төленген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?

«2021 жылдың қаңтар – маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге – 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 928,9 млрд теңге аударылды. 2021 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне – 222,3 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,1 млрд теңге бағытталды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңгені құрады», деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 2 млн 239 мың зейнеткер бар.