Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Өскеменде әкімдік қызметкері масаң күйде көлік тізгіндеген

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Масаң күйде рөлге отыруға рұқсат жоқ. Заң солай. Ал Өскемен қалалық әкімдігінің қызметкері алкогольді ішімдік ішіп алып, көлік басқарған.

Өскеменде әкімдік қызметкері масаң күйде көлік тізгіндеген

Біздің білуімізше, әкімдік қызметкері Индира Қалжабаева 11 шілде күні халықты вакциналауға арналған автобусты тексеруге келген көрінеді. Белгілі болғандай, ішімдік ішкен күйі көлікті басқарған.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 11 шілдеде полиция қызметкерлері мас күйінде «Хюндай акцент» маркалы көлігін басқарған 54 жастағы жүргізушіні тоқтатқан. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни, бұл заң жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырады. Әзірше, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Полиция басқармасынан материалдар келіп түскеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға бойынша және мемлекеттік қызметкердің әдеп нормаларын сақтауына қатысты қызметтік тексеру жұмыстары басталады. Барлық іс-шаралар аяқталғанға дейін И.Қалжабаева жұмыстан шеттетіледі.