Экономика • 13 Шілде, 2021

Банкноттар қандай жағдайда қолданыстан алынады?

802 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаменті басқармасының басшысы Динара Даутова естелік банкноттар туралы түсіндірме жасады, деп жазады Egemen.kz

Банкноттар қандай жағдайда қолданыстан алынады?

«Азаматтар Қазақстан Ұлттық Банкіне номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» естелік банкноттарын кей дүкен қабылдамағанын айтып, шағымданып жатады. Бұл купюралардың әлі де заңды төлем құралы екенін естеріңізге сала кеткім келеді. Оларды басқа да естелік банкноттар секілді банк операциялары мен аударымдар кезінде және төлемнің кез келген түрі бойынша қабылдауға міндетті. Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», деді Д.Даутова.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған банкноттарды қабылдамаған жағдайда оны бейнежазбаға түсіріп немесе жазбаша негіздеме жазып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгінуге болады. Ол банкноттар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан  алынады. 

Айта кетейік, баспасөз хабарламасында «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот,  Ұлттық валюта – теңгенің 20 жылдығына арналған 20 000 және 5 000 теңгелік банкнот, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 10 000 теңгелік банкнот,  ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік банкнот, 2011 жылғы Қазақстандағы 7-қысқы Азия ойындарына арналған 2 000 теңгелік банкнот,  ҚР «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалық етуіне арналған 1 000 теңгелік банкнот, ҚР 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне арналған 1 000 теңгелік банкнот сауда айналымдары мен аударымдар үшін жарамды екені жазылған.

Естелік  банкноттардың толық тізімі, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайы мен байланыс деректері туралы ақпарат ҚҰБ сайтында орналасқан.