Сенатор Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысына сапарпы барысында, облыстық мәслихатының басшылығымен кездесіп, заң жобаларын сапалы пысықтау және жергілікті жерлердегі проблемаларды жүйелі шешу үшін бірлескен жұмыс қажет екенін атап өтті.
4-ші деңгейдегі бюджетті игеру және ауылдық аумақтарды дамыту проблемалары осындай мәселелердің бірі болып отыр. Дүйсенғазы Мусин облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлерімен кездесу барысында қалыптасқан жағдайды шешу жолдарын талқылады.
Сенатор сондай-ақ Риддер қаласында болып, онда ірі орман өртінен зардап шеккен тұрғындарға арналған үй құрылысының барысымен танысты. Құрылыстың сапалы болуына ерекше назар аударып, 32 тұрғын үйдің құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.
Депутат қаланың әлеуметтік маңызы бар нысандарының құрылыс алаңдарында да болды.
Д.Мусин қала әкімімен кездесу барысында Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерін талқылады. Халықпен кездесу кезінде көтерілген барлық мәселелер заң шығару қызметінде пайдаланылатынын атап өтті.