Оқиға • 13 Шілде, 2021

Қызылордада мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған адам ұсталды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан мешіттердің бірінің имамы арыз түсірді, деп жазады Egemen.kz «Сыр бойы» басылымына сілтеме жасап.

Қызылордада мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған адам ұсталды

Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер мешіттің пластик терезесінің торын күштеп ашу арқылы кіріп, садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығын есептелуде.

Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды және ол осы қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағына (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.