Әділет министрінің орынбасары: «ӘКШ адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы міндеттемелер мен міндеттердің орындалуын бағалаудың бірегей тетігін білдіреді. ӘКШ 2008 жылдан бастап БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (Кеңес) жұмысы шеңберінде жұмыс істейді.
Шолудың мақсаты – елдегі адам құқықтарын қорғау мен көтермелеуді жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету мүмкіндігі», деп атап өтті.
Кеңестің жұмысына тоқталар болсақ, ол БҰҰ Бас Ассамблеясы сайлайтын БҰҰ-ға қатысушы 47 мемлекеттен тұрады. Кеңестің құрамы әділ географиялық бөлу қағидаты бойынша айқындалады.
ӘКШ аясындағы біздің еліміздің үшінші шолуы 2019 жылдың қараша айында өтті. Бірінші шолу 2010 жылы, содан кейін 2014 жылы өткен.
«Шолудың мәні елдің жазбаша баяндамасын алдын ала ұсыну, БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сұрақ-жауаптары мен түсіндірмелері форматындағы интерактивті диалог болып табылады.
Диалог қорытындысы бойынша елге жолданатын ұсынымдар қабылданады. Елде алынған ұсыныстарды орындау құралдары мен әдістерін өз бетінше таңдау құқығы сақталады.
2019 жылғы 20 желтоқсанда Кеңес Қазақстанға қатысты тиісті құжатты қабылдады. Онда Қазақстан атына 245 ұсыным берілген. Барлық ұсыныммен Кеңес сайтында танысуға болады.
Ұсынымдарды орындау мерзімі – 2024 жылдан кейін өтетін келесі шолуға дейін (2024 жылғы қазан). Қазақстанмен бір мезгілде Италия, Сальвадор, Гамбия, Боливия, Фиджи, Сан-Марино, Ангола, Иран, Ирак, Словения, Мадагаскар, Босния және Герцеговина, Египет өтеді», деді вице-министр.
Қазақстан әйелдердің, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету, саламатты орта, отбасы, балалық шақ институтын қолдау сияқты ұсынымдардың 87 пайызын (214) қолдады.
Ұзақмерзімді перспективада азаматтық қоғамды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» қабылданды.
2021 жылдан бастап заңнамалық түзетулер күшіне енді, Қоғамдық кеңестер саласындағы уәкілетті орган айқындалды және Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау бойынша өкілеттіктер берілді.
Әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тарту үшін оларды партиялық тізімге енгізу туралы талап белгіленді. Жаңа саяси партияларды мемлекеттік шешімдер әзірлеу және қабылдау процесіне тарту мақсатында парламенттік оппозиция институты енгізілді. Саяси партиялар құру үшін тіркеу кедергісі екі есе азайды (40 мыңнан 20 мың адамға дейін).
Саяси бәсекелестікті арттыру үшін Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «Барлығына қарсы» бағаны қосылды.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі. Оларға саяси партиялар ұсынған кандидаттар және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% қол жинау арқылы өзін-өзі ұсынған адамдар қатыса алады.
2021 жылғы 2 қаңтарда өлім жазасын жою туралы Хаттама ратификацияланды. Қазақстанда өлім жазасына мораторий ресми түрде 2003 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданылады. Өмір бойына бас бостандығынан айыру 2004 жылы балама жаза ретінде енгізілді.
Қылмыстық заңнаманы Хаттама ережелеріне сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпан айында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, Үкімет тұжырымдаманы мақұлдады. Қазіргі уақытта заң жобасы әзірленді.
2020 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң күшіне енді. Заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін өзгертті және оларды өткізуге рұқсат алу рәсімін жеңілдетті.
«Қылмыстық кодекстің «Жала жабу» 130-бабы қылмыссыздандырылды және «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» 174-бабы ізгілендірілді.
Аталған Жоспар кейіннен неғұрлым өзекті мәселелер бойынша адам құқықтары саласындағы шаралармен толықтырылатын болады», деді Ақерке Ахметова.