Туризм • 16 Шілде, 2021

Пандемия ішкі туризмге қалай әсер етті?

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия шетелге демалуға шығатындардың санын азайтты. Ал ішкі турзимді таңдаушылар саны едәуір өскен, деп жазады Egemen.kz.

Пандемия ішкі туризмге қалай әсер етті?

Ranking.kz сарапшыларының жазуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға келіп-кеткен туристердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сәйкесінше 6,4 және 3,3 есе азайып, 218,3 мың және 527,9 мың адамға дейін кеміген.

Адамдар ішкі туризмге көбірек көңіл бөле бастаған. Мұнда туристер саны бір жыл ішінде 10,4% өсіп, 931,1 мың адамға жетті. Сәйкесінше, адамдарды орналастыру саны да бір жыл ішінде 1,3% өсіп, 3539-ға жетті.

Ал турист қабылдау орнындағы қызметкерлердің саны, керісінше,  10,4%-ға, 26,4 мың адамға дейін төмендеді. Ал маусымдық жұмысшылар саны бірден екі есеге азайып, 199 адамға жетті. Сәйкесінше, көрсетілген қызметтер көлемі де өткен жылғыдан 6,9% төмен. Сектордағы қызметтер көлемі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді.

Бір жыл ішінде орналастыру орындарындағы кереуеттің орташа бағасы 8099-дан 8494 теңгеге дейін өсті. Ең жоғары баға Маңғыстау облысында (12 мың теңге), Алматыда (11,8 мың теңге) және Нұр-Сұлтанда (11,5 мың теңге) тіркелді. Ал Атырау және Қызылорда облыстарында бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда төмендеді.