Ел және Елбасы • 20 Шілде, 2021

Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты.

Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – адамдарды бейбітшілік пен бірлікке, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке.

Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттыруға септігін тигізеді.

Айт күндері әрбір адам игі істер жасап, рухани тазаруға, құрбан шалып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады.

Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осынау қастерлі мерекеде әрбір шаңыраққа шаттық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!