Спорт • 20 Шілде, 2021

Қазақ гроссмейстері Ринат Жұмабаев сенсациалық жеңіске қол жеткізді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шахмат федерациясының бас директоры Ринат Жұмабаевтың жеңісін үшінші кезеңнің ең үлкен сенсациясы деп атады. Ол ФИДЕ Әлем кубогының вице-әлем чемпионы, АҚШ-тың гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Қазақ гроссмейстері Ринат Жұмабаев сенсациалық жеңіске қол жеткізді

«Біздің құраманың көшбасшысына жеңіс оңай келген жоқ. Ол қара түспен ойнады. Қарсыласпен қыңыр күрестің барысында стандартты емес арақатынасы бар позициялар пайда болып, жерлесміз қарсыласпен қатаң күрестің арқасында жеңіске жетті», деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

Айта кетсек, кешегі өткен турда қазақстандық гроссмейстер тең ойын өткізді. Ол 1,5: 0,5 есебімен ФИДЕ Әлем Кубогының келесі кезеңіне жолдаманы қамтамасыз етіп, өзінің басты қарсыласы атанған кубок фавориттерінің бірін жарыс жолынан шығарып отыр.