Әлем • 21 Шілде, 2021

Шанхайда әлемдегі ең ірі планетарий ашылды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шанхай қаласында астрономиялық мұражай негізінде әлемдегі ең үлкен планетарий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шанхайда әлемдегі ең ірі планетарий ашылды

Бұл туралы Қытайдың CGTN арнасы мәлімдеді.

Музей Лингангтың эксперименттік еркін сауда аймағында орналасқан және шамамен 58,6 мың шаршы метрді алып жатыр. Астрономиялық музейде Айдан әкелінген 70-ке жуық метеорит, Марс және Веста астероиды, сонымен қатар Ньютон, Галилей және Кеплердің жұмыстары бар 120-дан аса мәдени жәдігерлер жиынтығы бар.

Қытайдың Chang'e-5 ай зондымен жеткізілген ай топырағының бір бөлігі де көпшілікке ұсынылады. Музей инновациялық сәулетімен, түрлі тақырыптағы көрме алаңдарымен, иммерсив технологиясымен және құнды коллекцияларымен ерекшеленеді.

Сыртқы жағынан қарағанда, кешен фантастикалық фильмдердегі үлкен ғарыш кемесіне ұқсайды. Негізгі ғимараттың айналасындағы жаяу жүргіншілер жолдары галактикалық спираль сызығына ұқсас етіп салынған. Планетарийдің құрылысында экологиялық таза материалдар қолданылған.

Күндіз келушілер Сихэ мұнарасындағы оптикасы бар телескоп арқылы күнді тамашалай алады және күн дақтарының суреттерін ажыратып, анық көре алады.