Ауа райы • 22 Шілде, 2021

Бүгінгі күн райы қандай болады?

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 шілде күні Қазақстан аумағындағы ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Бүгінгі күн райы қандай болады?

Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-шығыстың және шығыстың кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Солтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысында жел қарқыны - 15-20 м/с болып, шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының таулы адандарында күндіз бұршақ жауады.

Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.