Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Түркістан облысында есірткі сатқан ерлі-зайыпты анықталды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында есірткі сатқан ерлі-зайыпты анықталды

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар күдікті ерлі-зайыптылардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті.

Жедел уәкілдер Сайрам ауданында кейбір тұрғындар есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат алған. Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында қажетті шаралар кешенін өткізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысып жүрген отбасылық жұпты ұстады.

Тінту кезінде ер адамнан пакет, ал оның зайыбынан белгілі бір иісі бар есірткіге ұқсас мазмұны бар пакет табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 25 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған факті СДТБТ-де ҚР ҚК 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.