Бүгін Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 100 жасқа толуына байланысты мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.

«Сіз ғибратты ғұмыр жолыңыздың бүгінгі бір ғасырлық белесіне үлкенге де, жасқа да үлгі болатын адами биік болмысыңызбен жетіп отырсыз. Отандық баспасөз саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Ел игілігі үшін атқарған жемісті жұмысыңыз үшін Сізге алғысымды білдіріп, 100 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін», делінген Алғыс хатта.
Сонымен қатар Министр өз сөзінде мерейтой иесіне: «Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды – қазақ журналистикасының дамуына арнадыңыз. Сондықтан Өзіңіздің төл салаңыз – баспасөз заманмен бірге өсіп-өркендеп, өз орнын жоғалтпай келеді. Мұның өзі ең алдымен Өзіңіздей ардагер-журналистер салған сара жолдың жемісті жалғасы екені даусыз. Сондықтан бүгінгі мерейтойыңыз әулетіңіздің ғана емес, біздің Ұлттық журналистиканың ортақ қуанышы», деп атап өтті.
Өз кезегінде Ханымбүбі Ақжолова Мемлекет басшысының ыстық ықыласты құттықтауына ризашылығын білдіре отырып «Бір ғасыр биігінде» атты жаңа кітаптың бір данасын Президентке жолдады.
Ханымбүбі Ақжолова Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ардагер журналист.
1944 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базарбаев, атақты ғалым, жазушы-журналист Мұқан Мамажанов, жазушы Кемел Тоқаев сынды болашақ танымал тұлғалармен қатар оқып, білім алған.
1949 жылы білім ордасын қызыл дипломмен тәмамдап, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») республикалық газетінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. Кейіннен туған жеріне оралып, Жамбыл аудандық «Большевиктік жол» («Екпінді еңбек») газетіне редактор болып тағайындалып, қажырлы еңбек етеді. 1971 жылы зейнет жасына жетіп, «Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» құрметті атағын иеленген. Алматы облысының құрметті азаматы.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар