Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Қызметкерлерін ПТР-тесттен өткізуге міндетті ұйымдар анықталды

213 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан облысында вакцина алмаған қызметкерлерін ПТР-тестіден өткізуге міндетті ұйымдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызметкерлерін ПТР-тесттен өткізуге міндетті ұйымдар анықталды

Түркістан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы арқылы вакцина алмаған қызметкерлерін 7 күнде бір рет ПТР-тестіден өткізуге міндетті кәсіпорындардың тізімін жариялады.

«Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың екпе алмаған қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) өткізуді қамтамасыз етілсін», деп жазылған құжатта.

Қаулыға қосымша ретінде жарияланған тізімдегі кәсіпорындардың қатары мынадай:

- Хальққа қызмет көрсету ортальқтары (ХК,КО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химияльқ тазалау орындары, кip жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру ортальқтары, СПА және массаж салондары, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді керсету объектілері, өнеркәсіп орындары, өзге де объектілер);

- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілері, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауыққ ортальқтары, дүкендер, шағын маркеттердің, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

- халыктың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар; санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторилер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізетін объектілер, стритфудтар;

- барлық үлгідегі медицинальщ-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- Тіршілікті қамтамассыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдыктарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құқтқару қызметтері (ПИК, МИБ және басқалары);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс обьектілерінің, ойын-сауық ойын обьектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сататын пунктер/нүктелер және басқалар);

- байланыс және телекоммуникация обьектілері.