Аймақтар • 24 Шілде, 2021

Шығыс «Қызыл» аймақта

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа кірді. Қаулыға сәйкес, облыстағы қалалар мен аудандардағы объектілер өз қызметін 1-қосымшаға сәйкес «қызыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс «Қызыл» аймақта

«Қызыл» аймақтағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу мен рұқсат беру өлшемшарттарына сәйкес: «ASHYQ»жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысаралық, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус, шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатыла тұрады.

Демалыс және мереке күндері:

- қоғамдық көліктің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармонияның, компьютерлік клубтардың, боулинг, бильярд, караоке залдарының, көрмелердің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, ауданы 2000 ш.м. дейінгі азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық базарлардың, жәрмеңкелердің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының);

- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне тыйым салынады.

Жұмыс күндері:

- фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорттық объектілердің, бассейндердің;

- «ASHYQ» жобасына қатысатындар сағат 20-00 дейін;

- «ASHYQ» жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00 дейін, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың «Ashyq» жобасына қатысатындардың сағат 20-00 дейін, «ASHYQ» жобасына қатыспайтындардың сағат 18-00 дейін  қызметі шектеледі.

Осы қаулы 27 шілдеден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты санитарлық ережелер мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.