Ауылда қордаланған мәселенің көп екені белгілі. Өңірлерге іссапар барысында тұрғындар ауызсу, жол, интернет, білім беру, денсаулық сақтау сапасы қалаға қарағанда өте төмен екенін айтып жатыр. Сол кездесулерде мен ауылдағы ағайынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ауыл әкімдерін сайлау туралы өз ойымды айттым.

Бұл – бір жағынан ауыл халқына өз тағдырын өзі айқындауға берілген мүмкіндік болса, екінші жағынан – үлкен жауапкершілік.
«Бұрын ауылдағы мәселені неге әкімге айтпайсыз дегенде оның жоғарыдан тапсырма болмаса, халықтың талабына құлақ аспайтынын алға тартатынсыздар. Ал бұдан былай әкімді өздеріңіз сайлап аласыздар. Енді әкім жұмыс істемей жатса, өзгеден көре алмайсыздар. Өйткені өздеріңіз дауыс бергенсіздер. Оның жұмыс істеуін жай тұрғын ретінде ғана емес, дауыс беруші ретінде талап ете аласыздар», деп түсіндірдім.
Иә, ауылда сайлау өтіп, халықтың саяси белсенділігі оянса, ондағы тіршілік те жанданады. «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне өзгеріс енгізу талпынысын ауылға деген қамқорлықтың шынайы қадамы деп қарастыруға да болады. Ал сайлаудан кейін ауылдарда тіршіліктің жақсы немесе жаман жағына өзгеруі нақты сайланған әкімдерге байланысты болады деп есептеймін. Ілгері кеткендері дұрыс таңдау жасағанын түсінсе, жағдайы оңалмаған елді мекендердің халқы сайлауды сәтті өткізген ауылдардан келесі жолы үлгі алатын болады. Өйткені бір әкімді сайлаған соң бірнеше жыл соның құзырында болу керек деген талап жоқ. Халыққа сайланған әкімнің қызметіне лайықтылығын дауысқа салу құқығы да беріліп отыр. «Көш жүре түзеледі» демекші, бұл істе әсте асығуға болмайды. Өйткені біздің таңдаған жолымыз – революциялық өзгеріс емес, эволюциялық даму.
«Ауыл» демократиялық партиясынан 703 орынға барлығы 104 кандидат қатысты. Үміткерлердің орташа жасы 35-45 аралығында, 11-і – әйел. Сайлау нәтижелері жақын күнде белгілі болады. Жеңіске ауылдың тыныс-тіршілігі мен қордаланған мәселелерімен жақсы таныс, соны шешуде аянбай қызмет ететін үміткерлер жетсін дейміз.
Төлеутай РАХЫМБЕКОВ,
«Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар