Грецияның вакцинация комитетінің басшысы Мария Теодоридуның мәлімдеуінше, бұл бағдарламаға жасөспірімдерді қосу жастардың осал тобы мен олардың отбасыларын қорғауға көмектеседі және қыркүйек айында мектепке оралуға жағдай жасайды.
11 миллион халқы бар Грецияда бүгінгі күнге дейін 10,2 миллионнан астам адам екпенің алғашқы дозасын алған.
Вакцинацияға жауапты бас хатшы Мариос Фемистоклеустің айтуынша, халықтың 46,8%-ы толықтай вакцинацияланған.