TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021

Токио-2020: Надежда Рябец жарысты аяқтады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Токио-2020: Надежда Рябец жарысты аяқтады

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақсан ҰОК

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын. 

Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді. 

Айта кетелік, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына тек қана Надежда Рябец жолдама алған болатын.