Аймақтар • 29 Шілде, 2021

Алматыда инфекциялық стационарларда 4 мыңнан астам адам емделуде

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыlдағы инфекциялық стационарларда 4 мыңнан астам адам емделіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда инфекциялық стационарларда 4 мыңнан астам адам емделуде

Кешегі күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 1450 жаңа жағдайы тіркелген. Оның 1345-інде симптомдық белгілері бар және 105-і симптомсыз болып табылады. Барлық емделіп шығарылғандардың саны – 301, келіп түскендері – 522. Бүгінде инфекциялық стационарларда (6 265 төсек-орын) жалпы саны 4 148 адам (оның ішінде 215 балалар) емделуде.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы
баспасөз қызметінің дерегі бойынша, жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 281, ӨЖЖ – 27, инвазивті емес ӨЖЖ – 121, High flow-да 98 аппараттар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 133 науқас бақылау жатыр. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 7660, симптомсыз 473 науқас бар.

Вакцинация бойынша бүгінгі ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 7 707 адам вакцина алды.

Бірінші шілдеден күні кешеге дейін қала бойынша 1-компонентті 698 418 адам вакцинацияланды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 97 186 адамды құрайды. 28 шілде күні жалпы саны 4 995 доза қазақстандық QazVac вакцинасы алынды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.