Қазақстан • 29 Шілде, 2021

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

Фото: tuda-suda.net

Құжатта «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ашылуы, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің осы саладағы қызметін күшейтеді, сонымен қатар  сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты жылжыту, инвестицияларды тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде құруға мүмкіндік береді», деп жазылған.

Консулдық мекемені ашуға байланысты іс-шаралар «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бөлінген ақша қаражаты шегінде жүзеге асырылатын болады.

Жарлық жобасы «Ашық НҚА» веб-сайтында 12 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.