
Фото: Ақорда
Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім және ғылым саласын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берді. Дәстүрлі оқу форматына оралу үшін жүргізіліп жатқан ұйымдастыру шаралары туралы баяндады. «Білімді Ұлт» ұлттық жобасының дайындалуы, Жолдауда және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында берілген Президент тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берді.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында берілген тапсырмалардың 43 пайызы білім және ғылым саласына қатысты. «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында мектеп кітапханаларының қызметін қайта қалыптастыру және көркем әдебиет пен балалар әдебиетін сатып алу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Білім және ғылым министрі Мемлекет басшысына ведомствоны кәсіби кадрлармен, соның ішінде, әлемнің жетекші университеттерінің түлектерімен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен күшейту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ сапасыз жоғары оқу орындарын жабуға қатысты Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берді.
Мемлекет басшысы министрге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, сапасыз университеттердің лицензиясын қайтарып алу және олардың жұмыс істеуіне мерзім белгілеу рәсімдерін жеңілдету үшін заңнамалық тұрғыдан түзетулер енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің еңбекақысын биылғы 1 қыркүйектен бастап арттыру маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар Президент оқушылар арасында өтетін Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Кеше
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Кеше
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Кеше
Пікір • Кеше
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Кеше
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Кеше
Спорт • Кеше
Тарих • Кеше
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Кеше
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Кеше
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Кеше
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар