Сурет polisia.kz
«Көлік полицейлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде 36 жастағы ер азаматтан әлеуметтік желіде дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттаған аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады», деді Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов. Оның айтуынша, азамат теміржол ұйымдарының бірінде жұмыс істейді.
Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша аудиожазбаға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.
Жамбыл облысы Шу аудандық сотының шешімімен азаматқа ҚР ӘҚБтК 453-бабының 3-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездікке табынуды, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында сақтау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.