Қазіргі таңда күн тәртібінде күйіп тұрған басты мәселе – халықтың денсаулығын сақтап, індет шеңгелінен шығу. Осы ретте Алматыда өткен кезекті брифингте Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды.

«Мен әдетте осы аллегорияны келтіремін: біз бәріміз кемеде жүзіп жүрміз және індет кезеңі жоқ, бетперде тағуға болмайтын аралдамыз. Бұл кеменің жолында кенеттен үлкен айсберг тосқауыл болады да, біз соған қарай бет алдық. Айсберг дертін жұқтырғандар – бұл вакцина алмағандардың бәрі. Айсбергке тап болмас үшін біз кемені тоқтату үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін тұмшаланып, карантин жариялаймыз. Инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы – айсбергті ерітетін екпе салдыру. Ал мұны тек вакцина арқылы ғана жасауға болады», дейді Алмас Шарман.
Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтардың 80%-дан астамы өз денсаулығына және жақындарының, әсіресе қарт адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Вирусолог Алматы тұрғындары екпе алу арқылы коронавирустың мутациясына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, вирус вакциналанбаған адамдардың денесінде ғана өзгеретінін түсіндірді.
«Ғалымдар коронавирустың бұл нұсқасы неге жұқпалы екенін түсінді. Өйткені мутация геннің бір бөлігінде пайда болады. Ол интерферон деп аталатын иммундық молекуланың түзілуіне кедергі келтіреді. Бұл иммундық қорғанысты жұмылдыру үшін өте маңызды. Вирус адам ағзасына түскен кезде интерферон өндірісін тежейді, иммундық қорғаныс өте баяу басталады және вирус мұрын қуысында көп мөлшерде жиналып, жергілікті қабынуды тудырады. Жұқтырған адам түшкіре бастайды және инфекцияны тез таратады. Бұл – «Дельта» нұсқасының бірден-бір белгісі», дейді ғалым.
Сондай-ақ вирусолог коронавирусты қайта жұқтырудың себебін түсіндірді. 2020 жылдың қараша айында АҚШ-та жүргенде ол Джонс Хопкинс пен Стэнфорд университетіндегі әріптестерімен қайта жұқтырудың бес жағдайын талқылаған және аурудан кейін иммундық қорғанысты зерттеу қиын деп санайды.
«Енді біз ауырған және антиденелері бар адамдар да қайталанатын инфекцияларға ұшырауы мүмкін екенін түсіндік. Бұл вирустың мутациясына байланысты. Қазір түрлі мәліметтер бойынша жаңа инфекциялардың шамамен 20%-ы бұрын ауырған азаматтарда байқалды. Бұл науқастар үшін вакцинаның маңыздылығын көрсетеді. Вакцина иммундық қорғанысты айтарлықтай күшейтуге және қайта жұқтырудан қорғануға көмектеседі», деді А.Шарман.
Ғалым Алматыдағы індет таралуының үлесі қарт адамдардан жас адамдарға ауысқанын атады. Олар иммундық жүйені жаттықтыру үшін вакцина алуы керек.
АЛМАТЫ
Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді
Үкімет • Кеше
АЭС Қазақстанды қалай өзгертеді?
Қазақстан • Кеше
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді
Қоғам • Кеше
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Қоғам • Кеше
Медицина мамандарына дәріс оқыды
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
«Айқап» журналын алғашқы шығарушы
Руханият • Кеше
Туризм • Кеше
Туризм • Кеше
Ірі жұмыс берушілер маман іздейді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Оралда ток соққан екі адам жансақтау бөліміне түсті
Оқиға • Кеше
Атырауда 900 мың теңгенің өнімдері заңсыз сатылымға шығарылған
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам зардап шекті
Оқиға • Кеше
Абай облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада Румыния Президентінің кітабы таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент: Каспий – шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын теңіз
Президент • Кеше
Алтыншы Каспий саммитінің коммюникесі
Президент • Кеше
Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді
Қоғам • Кеше
Талдықорған маңындағы өзен жағасында белгісіз зат табылды
Аймақтар • Кеше
ШҚО-ның Самар ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңсыз балық аулағандарға жаза күшейтіледі
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар