TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021

Токио-2020: Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттеріміз жүлдесіз қайтатын болды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде жеңіл атлеттеріміз сайысқа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттеріміз жүлдесіз қайтатын болды

Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру бағдарламасында сайысқа түскен Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Мария Овчинникова финалға шыға алмай қалды.

Айта кетелік, жарысқа қатысшуыларға үш мүмкіндік беріледі. Ал финалдық сынға 12 спортшы жолдама алады. Ол үшін 14, 40 метрді бағындыру керек. 

Рыпакова өзінің ең үздік мүмкіндігінде 13,69 метрге секірді. Бұл финалға өту үшін жеткіліксіз. 

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да сынға түкен болатын. Олар жарыстың бірінші айналымынан аса алмай, 26-шы және 31-ші орын алды. 

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакованың еншісінде Олимпиаданың үш медалі бар. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, 2008 жылғы Бейжің ойындарында күміс, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған.