Қазақстан • 01 Тамыз, 2021

Көлік қызметі – экономиканың серпінді драйвері

1498 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың стратегиялық шешімдері арқылы Қазақстан өңірлік логистикалық хабқа және тран­зиттік әлеуеті дамыған елге ай­нал­ды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Нұр­лы жол» бағдарламасын іске асы­ру аясында көлік логистикасы жүйесінің тиімділігін арттыруды және еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды тапсырды. Бүгінде отандық көлік қызметінде 400 мыңнан аса адам жұмыс істеп жүр.

Көлік қызметі – экономиканың серпінді драйвері

Қазақстан көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер жұмсауда. Біз бір­қатар салалық бағдарламаларды іске асыр­дық, саланың құқықтық негізін қа­­лып­­тас­тырдық. Көлік қызметтерін көр­сетуд­ің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды.

Бүгінгі таңда дамыған инфрақұры­лым­ды ескере отырып, Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық тран­зит­­тік дәліз, оның ішінде 5 темір жол жә­­не 6 автомобиль дәлізі өтеді. Жібек жо­лы жо­басы қарқынды дамып, Шы­ғыс пен Батыс арасындағы тран­зит­­тік кө­­пір­­ге айналды, бұл Қазақстан эко­но­­ми­­ка­­сының дамуына жаңа серпін береді.

Көлік – қашан да елдің экономика­лық және саяси өмірінің маңызды саласы. Қазақстанның орасан зор аумағы, халық тығыздығының төмен­дігі, елді мекен­дер­дің бір-бірінен алшақтығы, әлемдегі ин­те­грация мен жаһанданудың үдемелі про­цестері бұл саланы елдегі дамудың басым бағыттарының біріне айналдырады.

 

Темір жол көлігі

Отандық темір жол саласының ға­сыр­­­дан астам тарихы бар. Осы кезең­де темір ­жол тек ел аумағында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де жо­лау­шылар мен жүк тасымалын жү­зеге асыру бойынша маңызды мем­ле­кеттік міндеттерді қамтамасыз етті.

Соңғы жылдары сала айтарлықтай дамуға қол жеткізді: 2 мың шақырымнан аса жаңа темір жол учаскелері салынды, көлік-логистикалық орталықтар жедел қарқынмен салынуда, отандық және шетелдік жүк жөнелтушілер үшін жаңа тартымды бағыттар құрылуда.

Қазақстанның тәуелсіздік жылда­рын­­да мынадай темір жол желі­­лері са­­лын­ды: 2001 жылы ұзындығы 184 км Ақсу – Дегелең темір жол же­лісі са­­лынды, ол Павлодарды Семей­­мен бай­­­ланыстырды; 2004 жылы Қос­­та­най және Ақтөбе облыстарын жал­ғ­а­ған ұзын­дығы 402 км Хромтау – Ал­тын­сарин темір жол желісі салын­ды; 2008 жылы Шығыс өңірінің бірың­ғай темір жол инфрақұрылымын қалыптас­тырған ұзындығы 151 км Шар – Өске­мен темір жол желісі салынды.

Жоғарыда көрсетілген темір жол желілері елдің темір жол желісін оңтай­лан­дыруға және Ресей Федерациясы­ның шекарасын кесіп өту қажеттілігінсіз ел өңірлері арасында тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

– 2012 жылы Қазақстанның батысынан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына дейін тікелей маршрутты қамтамасыз ететін ұзындығы 146 км Қазақстан Рес­публи­касының Түрікменстанмен мем­лекеттік шекарасы темір жол желісі салынды.

– 2012 жылы ұзындығы 293 км Жеті­ген – Қорғас темір жол желісі салын­ды, бұл Қазақстанның транзит­тік әлеуе­тін арттыруға бағытталған, Қытай­дан Қазақ­станның оңтүстік өңір­лері мен Орталық Азия елдеріне дейінгі қа­шық­тықты 550 км қысқартуға мүм­кіндік берді.

– 2015 жылы ұзындығы 214 км Арқалық – Шұбаркөл темір жол желісі салынды, бұл Орталық Қазақстаннан сол­түстік өңірлерге дейінгі қашық­тық­ты 540 км қысқартты.

– 2016 жылы ұзындығы 1 036 км болатын Жезқазған – Бейнеу темір жол же­лісі салынды, бұл Қытайдан Еуропа­ға де­йінгі қашықтықты 1 200 км-ге қысқартты.

– 2016 жылы ұзақтығы 14 км Бор­жақ­ты – Ерсай темір жол желісі салын­ды, бұл Құрық перспективалық пор­тын темір жол магистралімен байланыстырды.

– 2017 жылы «Нұрлы жол» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында ұзындығы 110 км Алматы – Шу учас­кесінде екін­­ші жолдар салынды, бұл желі жет­­кізу мерзімдерін қысқарту және тиі­­сін­­ше көлік шығыстарын азайту есе­бі­нен шет­елдік жүк жөнелту­шілер үшін қазақ­стандық бағыттың тартым­дылығын арттырды.

Тәуелсіздік жылдары салынған темір­ жол қатынастары темір жол желісін оң­тай­ландыруға мүмкіндік берді және ел­дің жүк тасымалын қысқартты, осы­лай­ша жүк жөнелту­шілер үшін көлік шы­­ғын­дарын айтар­лықтай үнемдеді. Бұл тізімде Dosjan temir joly акцио­нер­­лік қоғамы пайдаланатын Шар – Өс­ке­м­ен темір жол учаскесі ерекше орын ала­ды. 2005 жылғы наурызда Үк­і­мет қау­лы­сы бо­йынша құрылған ак­цио­­нер­лік қоғам өз функцияларын 15 жыл­дан аса уақыт табысты жүзеге асырып келеді.

Аталған темір жол учаскесінің ашылуы жол жүру кезіндегі технологиялық уақытты едәуір қысқартты, сонымен қатар Ресей Федерациясымен ше­кара­дан өту кезінде қажет болатын қосымша кедендік және ше­кара­­лық рәсімдерді айналып өтіп, жүк­терді межелі орындарға жеткізуді жеңіл­детті. Бұл ретте жүктерді жеткізу мер­зімі 12-14 сағатқа дейін қысқарды. Осы­лай­ша, жаңа темір жол учаскесі Шығыс Қазақ­станның ірі темір жол тора­бын Ресей аумағын айналып өтіп, ті­келей қаты­найтын «Түрксіб» тран­зит­тік магистра­лімен байланыстырды.

Шар – Өскемен темір жолын пайдалану 2009 жылы басталды. 2018 жыл­дың басынан бастап тұрақты негіз­де контейнерлік тасымалдар жүзеге асырылуда.

Барлық тасымалдау процесі және темір жол учаскесін пайдалану «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның құрылымдық бөлімшелері – «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен тығыз өзара іс-қимыл кезінде жүзеге асырылатынын атап өту қажет.

Шар – Өскемен темір жол учаскесі – бүгінгі таңда техникалық жабдықталу жағынан Қазақстандағы алдыңғы қа­тар­лы темір жол учаскелерінің бірі. Мұнда техниканың ең заманауи жетіс­тіктері енгізілген.

Тасымалдау қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақсатында учаскедегі по­йыздар қозғалысын басқару «Диалог» микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл – автоматты бақылау­ды және тасымалдау қауіпсіздігін қам­тама­сыз ететін құрылғылар кешені.

Шар – Өскемен учаскесінде жоға­ры тех­нологиялармен жұмыс істей­тін білікті қызметкерлер – осы кәсіп­орын­­­ның табысты жұмысының негізгі кепілі. Бүгінде өндірістік көрсет­кіш­терді жақ­сарту үшін барлық жағдай жа­сал­ған. Ұйымдық құрылымның бар­лық деңгейінде әкімшіліктен өнді­ріс­тік персоналға дейін ұжымдық шарт­та көзделген әлеуметтік пакет қамта­ма­сыз етіледі, сондай-ақ адал еңбекті ынталандыру жүйесі жұмыс істейді.

Бұған қоса, даму стратегиясын іске асыру және ұйымның тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында әрбір қыз­­меткер үшін ынталандыру жүйесі ен­гізілген. Демек, соңғы екі-үш жыл­дағы оң нәтижелер компанияның дұрыс ба­ғытта келе жатқанын байқатады.

Болашақта жүк айналымының жыл сайынғы өсімі, сәйкесінше тасымалдардан түсетін табыс та ұлғаяды деп болжануда. Бұл бірінші кезекте компанияның Үкімет алдындағы облигациялық және кредиттік мін­дет­темелерін уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ актив­терді жаңғыртуға, темір жол көлігі саласында жаңа технологиялық шешім­дер­ді енгізуге және  белгілі бір шығыс­тарды өтеуге мүмкіндік береді.

 

Автомобиль көлігі

Қазақстанның теңізге тікелей шығу­ға мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, авто­көлік бағыты Еуропа мен Азияны сыртқы саудамен қамтамасыз етудегі аса маңызды сала екенін аңғаруға болады. Қазір еліміз халықаралық автомобиль тасымалы аясында 42 екіжақты үкіметаралық келісімге қол қойғанын айта кеткен орынды. Нәтижесінде, рес­публика аумағында халықаралық жүк тасымалын 7,6 мыңға жуық көлік пен 370 компания жүзеге асырып жатыр.

Жолаушыларды тұрақты түрде тасымалдау ісі 2684 бағытта жүзеге асырылып, автобус паркі 15 мыңнан аса көлікпен қамтылған. Бұл салада 1 мыңға жуық тасымалдаушы жұмыс істеп жүр. Ескірген автобустардың үлесі 46%-ға қысқартылды. Бұған қалалық автобус паркін жаңартуға байланысты мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқанда, жеңіл лизингтік бағдарлама арқылы 2018-2020 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 57,2 млрд теңге бөлініп, 8 өңірде 1618 автобус сатып алынды. Со­ны­мен қоса хабарлама беру тәрті­бі­нің ен­гізілуі такси қызметіндегі ресми та­сы­мал­даушылардың санын 5353-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Елімізде жергілікті атқарушы орган­дардың тізіміне енгізілген 38 автовокзал мен 113 автостанса жұмыс істейді.

Биыл Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі тәжірибелік мақсатта іске қосылғанын айта кету керек. Бұл жүр­­гізу­­шілеріне көлік құжаттарын өзі­­­мен бір­ге алып жүруге қатысты рә­сім­­­дер­­ді оң­­тай­ландыруға мүмкіндік береді.

 

Теңіз көлігі

Су көлігі саласындағы қызмет түр­лерін Каспий теңізінде Ақтау және Баутино порттарында «Қазақтеңіз­кө­лік­­­флоты» отандық кеме қатынасы ком­­паниясы, ішкі су жолдарында ми­­нистр­­лікке қарасты «Қазақстан су жол­­­дары» кәсіпорны, Павлодар және Аты­рау өзен порттарындағы ұйымдар, сон­­дай-ақ жеке кеме иелері ұсынып келеді.

Қазір Ақтау теңіз порты Каспий теңізінің жүк ағындарын қалыптас­ты­рып, тиеуде жетекші орындардың бірін алады. 2003-2005 жылдары порт айлақтарын қайта жаңарту бойын­ша жұмыстар жүргізілді. Бұл 13 мың тон­наны құрайтын танкерлерді қабыл­дау­ға мүмкіндік берді. 2015 жылы «Ақтау портын солтүстік бағыт­та кеңейту» жо­басы шеңберінде 3 құр­ғақ жүк тер­ми­налының құрылысы аяқ­та­лып, нә­ти­­жесінде порттың өткізу қабі­леті ша­мамен 21 млн тоннаны құрады.

Баутино порты Түпқараған шыға­на­ғында орналасқан және Каспий теңізі­нің қазақстандық секторын игеру шең­берінде теңіз операцияларын жүргізу базасы ретінде қызмет етеді. Теңізде жүзу қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету мақсатында 2007 жылы Кеме­лер қозғалысын басқару жүйесі пай­далануға енгізілді. Бұл 20 миль радиус­та кемелердің қозғалысын бақылауға және жылына 5 мың кемеге дейін қам­тамасыз етуге жол ашады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын іске асыру шеңберінде 2015-2018 жылдары қуаты жылына 6 млн тонна жүк қабылдауға қауқарлы Құрық портында паром кешенін салу жо­ба­сы іске асырылды.

2016 жылы Құрық портында қуаты 4 млн тонна темір жол паромдық терминалы іске қосылып, оның қыз­меті 2017 жылы басталды. Жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай өнім­дері (газ­ойл), халық тұтынатын тауар­лар, химикаттар, жабдықтар мен металл өнімдері құрайды.

2018 жылы Құрық порты құрылы­сы­ның екінші кезеңі аяқталып, доңға­лақты техниканы өңдеуді қамта­масыз ететін қуаты жылына 2 млн авто­­мо­­­биль паромдық терминалы салын­ды. Нәтижесінде, отандық теңіз порт­­тары­­ның өткізу қабілеттілігі 27 млн тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­ның мем­лекеттік теңіз кеме тізі­мін­де 300-ден аса кеме тіркелді, оның ішінде 9-ы – сауда кемесі. Бұл ретте 10 жыл бұрын барлығы 80-ақ кеме бол­ғанын еске сала кеткен артық болмайды.

Отандық флоттың Каспий нарығына кіруі «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы құрылған кезден (1998 жыл) басталды. Осы ком­панияның негізгі қызметі ұлттық теңіз сауда флотын дамытуға бағытта­лып, бұл еліміздегі су көлігі саласын әлемдік көлік жүйесіне интеграциялауға жол ашты. 2013 жылы қазақстандық флот жүк көтеру қабілеті 5 мың тонна болатын екі құрғақ жүк кемелері­мен толық­тырылды. 2017 жылы жүк көтерім­ділігі 7 мың тоннаны құрайтын тағы 2 құрғақ жүк кемесі суға түсірілді.

Қазір жоғарыда аталған кемелер Каспийде құрғақ жүктерді тасымал­дауды жүзеге асырып, сондай-ақ Ақтау және Баку порттары арасындағы кон­тейнерлерді тасымалдау бойынша фи­дер­лік желіге тартылған. Сондай-ақ ашық теңіздерде 115 мың тонналы Aframax типті 2 танкер жұмыс істеп келеді. Соңғы он жылда кемелердегі эки­­пажда Қазақстан азаматтарының үлесі үш есеге өсіп, 73%-ды және ко­ман­­д­алық құрам деңгейінде 29%-ды құрады.

2012 жылы Қазақстан-Британ тех­ни­калық университеті жанында теңіз­­шілер даярлауда халықаралық дең­гей­де жүзеге асыратын Қазақстан теңіз ака­демиясы ашылды. Академияға жетек­ші голланд теңіз мектебінің оқы­ту­­шы­лары тартылды. Құрылған сәт­тен бас­тап аталған академияда кеме­дегі бас­шы­лық құрамының 111 маманы даяр­ланды. 2015 жылы Қазақстан теңіз­шісінің жеке куәліктерін беру бас­та­лып, бұл теңізшілерге шетелдік порт­тар­дағы жағалауға шығуға мүмкіндік берді.

 

Өзен көлігі

2004 жылы кеме қатынасын қамта­масыз ету мақсатында Ертіс өзені­нің қазақстандық бөлігінде құрылысы 1978 жылы басталған Шүлбі кеме шлюзі пайдалануға берілді. 2005 жылы Жайық-Каспий каналын қайта құру жобасы аяқталды. 2012 жылы үздіксіз пайдалануда болған және өткен ғасырдың 60-жылдарының басында жабдықтары бар 50 жылдан астам уақыт болған Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту жобасы аяқталды. Нәти­жесінде, Ертіс, Жайық-Каспий және Іле-Балқаш бассейндеріндегі пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының ұзындығы 3,5 мың шақырымнан 4 мың шақырымға дейін ұлғайып, жүк тасымалдау көлемі 132 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін өсті.

Осы орайда Қазақстан Халықара­лық теңіз ұйымының (IМО) мүшесі саналатынын, сол секілді IМО және Халықаралық еңбек ұйымы арқылы қабыл­данған 12 негізгі конвенцияға қо­сылғанын айта кеткен жөн. Былтыр Мем­лекет басшысы «Кеме қатынасы ту­ра­лы келісімді ратификациялау тура­лы» Заңға қол қойған еді. Болашақта келі­сім нормаларын ескеріп, өзен тасы­мал­дарының көлемін жылына 1,5 млн тоннаға дейін және транзит тасыма­лының көлемін жылына 250-300 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

Берік ҚАМАЛИЕВ,

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Соңғы жаңалықтар