Теннис • 02 Тамыз, 2021

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі орнын сақтап қалды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядта спортшылар рейтингін жаңартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі орнын сақтап қалды

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Жеке разрядта үздік үштік қатарында австралиялық Эшли Барти, жапон Наоми Осака және Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-орында қалды. Еске салайық, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада Рыбакина  украиналық Элина Свитолинамен қола медаль үшін тартысқа түскен еді.

Юлия Путинцева 36-шы орыннан 35-ке көтерілді.

Зарина Дияс төрт позицияға төмендеп, ТОП-100 тізімінен шығып қалды - 103-орында тұр.

Жұптық есепте бірінші орында Элиза Мертенс (Бельгия), одан кейін чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова орналасқан.

Қазақстандық Анна Данилина жеті сапқа көтеріліп, 89-орында, Рыбакина - 155-орын (+1), Путинцева - 163-орында(+1) тұр.