Экология • 04 Тамыз, 2021

Каспий жағалауында қоқыс көп

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Сағдат Хансейітов барлығына күйе жағудан аулақ және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру шараларын жүргізу қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Каспий жағалауында қоқыс көп

«Өзінен кейін қоқыс тастайтындар ең алдымен осы аумақтардың тазалығына жауапты мамандардың еңбегін бағаласа деймін. Әр адам өзін сыйласа, мұндай жағдайға жол бермес еді. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы барша маңғыстаулықты, тұрғындар мен қонақтарды айналаны таза ұстауға, қоқыстарды шашпай, арнайы орындарға тастауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамын. Экологиялық мәдениет адамның сана-сезімін дамытуға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әл-ауқатының өсуіне де негіз болады»,  дейді Сағдат Батырбекұлы.

в

Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, демалыс орындарын ластаушыларды жауапқа тарту құзыреті полиция қызметкерлеріне берілген. Алдағы уақытта экологтар тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтік шаралар өткізуді жалғастырмақшы.