Білім • 05 Тамыз, 2021

Тегін курс компьютерлік дағдыны дамытады

442 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Пандемия сабақтары» біраз мәселенің бетін ашып бергендей. Карантиннің кезінде көп педагог қашықтан оқытуға дайын болмады. Компьютерлік дағдыларды игермегеннің кесірінен қиындықтар туды. Осыған орай білім беретін қауымға жаңа курс тегін оқытыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Тегін курс компьютерлік дағдыны дамытады

Шілденің 2-сінен басталған «Педагог­тердің цифрлы құзыреттілігін дамыту» онлайн-курсы my.edu.kz платформасында асинхронды режімде өтіп жатыр. Курс мектеп, колледж педагогтеріне, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған. Педагогтерге арналған тегін цифрлы курс­тарды «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы әзірлеп шықты.

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлт­тық орта­лығының Басқарма төрағасы Әсел Мұха­мет­жанова алдымен орталықтың тарихы мен қазіргі әлеуетіне аз-кем тоқталды.

– «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлт­тық орталығы 2012 жылы педагогтердің білік­тілігін арттыру мақсатында құрыл­ды.
9 жыл ішінде «Өрлеу» орталығында
623 482 пе­дагог оқытудан өтті. «Өрлеу» өңір­­­лер­дегі филиалдар желісі арқылы пе­да­­гог­тердің үздіксіз кәсіби дамуын қам­та­­масыз етеді. Барлығы респуб­лика бойын­ша 17 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жұмыс істейді. Филиалдар, өз кезегінде, 572 база­лық орта білім беру ұйымдарымен ынты­мақтастық орнатқан. «Өрлеу» орталығы 25 шетелдік жоғары оқу орындарымен, орталықтармен және халықаралық ұйым­дармен бірлескен жобаларды жүзе­ге асырады. Орталықтың 300-ден аса қыз­меткері Ұлыбритания, Франция, Аустра­лия, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ, Португалия, Испанияда білім алған, – деді Ә.Мұхаметжанова.

Осыдан соң орталық басшысы жаңа басталған курсқа қатысты ақпаратқа кезек берді. Оның айтуынша, курстың оқу жылы басталар алдында өткізілуі кездейсоқ емес. Осы курсты әзірлемес бұрын, 2020 жылдың қараша айында жүргізілген мониторинг мәліметтері зерттелген. Сауалдама республиканың 7 мыңға жуық ауылдық және қалалық мектебінің 300 мыңнан аса педагогін қамтыды. Нәтижесінде, ауыл­дағы әр төртінші, қаладағы әр бесінші мұ­ғалім ақпараттық-коммуникациялық тех­но­логиялар (АКТ) құзыретінің деңгейін арт­­тыруды қажет ететіні белгілі болды.

– «Өрлеу» орталығы курс авторлары­мен бірлесіп мұғалімдер мен болашақ мұғалімдер бағдарламаны бітіргеннен кейін сабақты жобалап, оның нысандарын, әдістері мен мазмұнын, АКТ негі­зінде бағалауды таңдайтындай етіп әзір­леді. Курстың ішінде видео-педагогика тақырыбы бар. Оны Еуропалық білім беру қорының сарапшылары жасады. Ыңғай­лы болу үшін порталда қазақ және орыс тілдерінде бейнепедагогика бойынша нұсқаулық орналастырылған. Microsoft, Bilim Media Group, Kundelik өздерінің пайдалы ресурстары туралы бейне дәрістер дайындады. Біз Ұлттық білім беру дерек­тер базасын пайдалану бойынша таныс­тыру және оқыту роликтерін қостық. Мұ­ғалімдер мен студенттер edu.kz платфор­масында асинхронды білім ала алады, яғни өз қарқынымен өтуге арналған, себебі бар­лық модуль жазылған. Сіз кез келген уақытта жаттығуды тоқтатып, ыңғайлы уақытта қайта жалғастыра аласыз. Сіздер курсты платформада 31 қазанға дейін, яғни үш айға дейін өте аласыз. Бұл курс­ты аттестаттаудан өту үшін пайдалану­ға болмай­тынын ескерткім келеді, – деді Ә.Мұхаметжанова.