Бабаларымыздың білім мен мәдениет жолындағы ізденісін таңбалы тастардан, тарихи ескерткіштерден көруге болады. Ол ол ма, көшпенді өмірдің соңғы ғасырында дала кітапханасын пайдаланғанын да білеміз.

Көкпекті даласында көне кітапхана болғанын өлкетанушы, тарихшы Қайрат Мәліқаждар айтып жүретін. Қайда десек, дала кітапханасы Биғаш ауылының маңында екен. Әне, әйгілі Толағай тауы жазық далада шошайып, көрініп тұр. Ертеде кескілескен шайқас болған орындар да осы тұста.
– Оқушы кезімізде бұл жазыққа саяхатқа келдік. Найзаның сабы, жебенің ұшы сияқты қару-жарақтардың сынығының талайын тапқанбыз. Тағы бірде осы жол бойына жақын маңнан қойма таптық. Жалпы көшпелі қазақ даласында қоймалар өте көп болған, – деді өмірін өлкетануға арнап келе жатқан Қайрат Мәліқаждар.
Жергілікті жұрт дала кітапханасы атап кеткен көне кесене – Биғаш ауылының арғы жағындағы жазықта. Кең жазықта жалғыз тұрған кесенені жергілікті жұрт Апырым байдікі деседі. Алты қырлы бейіттің биіктігі 6 метр шамасында. Қорғанның сыртынан қайтадан қоршау салынған. Жалпы ай күмбезді кесененің сәулеті өзгеше. Кісі жерлеген жердің сыртына 2 метр биік тастан қорған салып, оның үстіне 2 метр биіктікте ағаш діңгектер орнатылып барып шатыр жабылған. Ал шатырдың үстіне биік күмбез тұрғызылған. Шатырдың астыңғы жағынан арнайы кітапты апарып қоюға арналған тесік, кісі сыятындай есік жасалыпты. Кесенеге керек тасты алыстан тасу үшін де біраз күш жұмсалғанын көруге болады. Өйткені кесене орналасқан кең жазықта ешқандай тас жоқ.
– ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген Апырым бай оқымысты адам болыпты. Ол кісі оқыған кітаптарын ел игілігінен де аямапты. Өзі өмірден өтерінде ұрпақтарына кесенесінің шатырынан кітап қоятын орын шығарып, оған барлық кітабын киізге орап қоюды аманаттапты. Жаз жайлауы Алтай болғандықтан, алысқа адамдар кітап іздеп сабылмасын деп кесене шатырына дала кітапханасын салғызған. Ұрпақтары елге керекті кітаптарды киізге орап, кесене шатырына қойып кетеді екен. Оны білетін оқымыстылар кесенеден керек кітабын алып, қайта апарып қойып отырған, – дейді Қайрат Мәліқаждар.
Дала кітапханасының дәстүрлі үрдісі қай жылдардан бастап жойылып, кітаптарды кім алып кеткені белгісіз. Бір анығы – кесене шатырындағы кітапханадан көптеген оқымыстылар кітап алып оқығанын елдің бәрі біледі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар