Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

ШҚО-да демалыс күндері жолаушылар тасымалы тоқтатылады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен мен Семей қалаларында демалыс күндері жолаушылар автобусының жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да демалыс күндері жолаушылар тасымалы тоқтатылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл өңірді «қызыл» аймақтан шығару және коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату үшін қабылданған мәжбүрлі және төтенше шара.

Облыстық мәслихаттың 7-сессиясында аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың жағдайы бақылауда болса да, күрделі күйінде қалып отырғанын айтты. Семейде вирус жұқтырғандар үлесі - 41%, Өскеменде - 34%. Ауру Риддер, Глубокое және Ұлан аудандарында да өсуде.

«Барлық тамақтану орнының жұмысы қатаң бақылауда болады. Бизнеске жасылып отырған жеңілдіктер карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтамау деген сөз емес», деді Ахметов.

Әкімнің айтуынша, облыста вакцинаның екі компонентін алғандар саны 325 мыңға жеткен. 

«Өңірде 39 жұқпалы аурулар ауруханасы бар, сонымен қатар біз тағы 8100 төсек орналастыруға дайынбыз. Әзірге бізде емханалардың жұмыс көлемітөмен, бірақ бұл бізге демалуға болады дегенді білдірмейді», деді әкім.