Коронавирус • 05 Тамыз, 2021

Үй карантинін бұзушылардың саны азаймай тұр

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілдеде Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бұрынғыдан 10 есе көп карантин талабын бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үй карантинін бұзушылардың саны азаймай тұр

Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүкіл ел бойынша 700-ден астам ірі сауда орталығы мен жабық базар Ashyq жобасына қосылған. Егер әр сауда-ойын-сауық орталығында орташа есеппен 300 жалға алушы деп есептесек (кейде одан 2 есе көп болады),  жобаның сауда объектілерін қамту көлемі,  шамамен, 200 мыңнан асты. Шын мәнінде, бір айда «қызыл» мәртебесі бар карантинді бұзушылардың саны тәулігіне 184-тен 1916-ға дейін өсті», деп жазады Юлия Якупбаева.

Автордың жазуынша, Covid статусты тексеру үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Ashyq.kz сайтынан тексеруге болады.

«Күн сайы 400 мыңнан астам адам өз мәртебесін тексереді. Сайт арқылы күніне «қызыл» мәртебесі бар 7700-ден астам азамат тіркеледі», деп түсіндірді төраға орынбасары.