Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

Ақтөбе қаласындағы жалғыз қоқыс полигоны тағы да отқа оранды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер мен мердігер компания жұмысшылары сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бүгін сағат 15:50-де қалалық қоқыс полигонының өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндіру қызметінен 8 адам мен 2 техника жіберілді. Сонымен бірге серіктестіктің 12 жұмысшысы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі кезде сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Өрттің аумағы шамамен 500 шаршы метр болады», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 16 шілде күні Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, қаланы көк түтін басқан еді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 23 адам және 7 техника жіберілген болатын.