Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Алматыдағы «Достық» және «Сарыарқа» метро станциясы қашан аяқталады?

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев екі метро станциясының, инженерлік желілердің құрылыс қарқынын, Наурызбай аймағындағы Абай даңғылы мен Алатау көшесіндегі жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы «Достық» және «Сарыарқа» метро станциясы қашан аяқталады?

Қала әкіміне салынып жатқан метро станцияларын аралау кезінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс және әрлеу жұмыстарының жағдайы туралы ақпарат берілді.

«Сарыарқа» мен «Достық» бекеттерінің құрылысы 80 пайызға аяқталған. Б.Сағынтаев метро құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды және қосымша жұмыс күшін жұмылдыруға назар аударды.